Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШҚО: РАНТ мүшесі түсіндірме шарасына қатысты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 09.03.2022 1866 0 пікір
ШҚО: РАНТ мүшесі түсіндірме шарасына қатысты

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі және Шығыс Қазақстан облыстық «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мекемесінің бірлесе ұйымдастыруымен «Радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілік және радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру» атты іс-шара өтті.

Жиынға РАНТ мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы, өңір бойынша пәтуа маманы Қанат Дауылбаев қатысты. Имам Күзет қызметкерлерінің алдында осы тақырыпта ауқымды баяндама жасады. Ол өз сөзінде қазіргі уақытта деструктивті ағымдармен күресудің аса маңызды іс екендігін жеткізе отырып, діни экстремизмнің қаупі жайлы жан жақты талдап берді.

РАНТ мүшесі: «Жат ағымдардың алдын алу, онымен күресте имамдардың белсенділігін артыру ҚМДБ тарапынан бүгінгі таңдағы келелі міндеттердің біріне айналып отыр. Біз деструктивті ағымдарға қарсы шараларды басты бағыт ретінде жүргізіп келеміз. Жүйелі жұмыстар оң нәтиже беріп отыр» деп атап өтті.

Кездесу барысында Қ.Дауылбаев діни экстремизмнің зардаптарын баяндап, түсіндірме жұмыстарының барысы жайлы айтып өтті. Ол сонымен қатар ҚМДБ Пәтуалары да айтып, пәтуаларды насихаттау дұрыс діни түсінік алудың басты қадамы екендігін жеткізе келе, ислам тарихынан, кері ағымдардың пайда болу оқиғаларынан құнды ойлар сабақтады.

«Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» басшылығы өкілдікпен бірлесе ұйыдастырған шараның нәтижелі болғандығын айта келе, ризашылығын жеткізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру