Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: «Асыл да мейірбан аналар» сайысы өтті

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 09.03.2022 2479 0 пікір
Семей: «Асыл да мейірбан аналар» сайысы өтті

Семей аймағы өкілдігіне қарасты Аягөз қалалық мешітінің Әйел-қыздар секторы «Асыл да мейірбан аналар» тақырыбында алтын құрсақты аналар арасында сайыс өткізді.

«Хадиша» және «Фердаус» атты екі топ арасында таныстыру, көрініс, қол өнері, талқан тию, дастархан әзірлеу т.б танымдылық сайысы ұйымдастырылды. Аналар арасынан әділ қазылар бағаларын беріп отырды.

Мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы ұйымдастырылған ізгілікті шараға сәттілік тілеп, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Араларыңда жақсыларың, басқаларға пайдаларың көп тигендерің» – деп айтқандығын тілге тиек етті. Мешіт шәкірттері ана туралы тақпақтар айтып, салт-дәстүрден тәрбиелік сабақ алды.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Фердауыс» тобы, ІІ орынды «Хадиша» тобы иеленді. Қатысушыларға алғыс хатпен, марапат, сыйлықтар табысталды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру