Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: Оқырмандар клубы мүшелері сынақ тапсырды

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі amin.kz 03.03.2022 2004 0 пікір
Атырау: Оқырмандар клубы мүшелері сынақ тапсырды

Атырауда облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған оқырмандар клубы кітап оқу сайысының екінші кезеңін қорытындылады.

Екінші кезеңде шәкірттер «Саңлақ сахабалар» кітабы бойынша емтихан тапсырды. Оларға орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Наркес Боханов шәкірттерге сәттілік тілеп: «Кітап – рухани қазына. Кітап оқыған сайын адамның білімге деген құлшынысы артады. Білім – адамның болашағына салынған басты инвестиция» деп атап өтті.

Енді оқырмандар арасындағы сайыстың үшінші кезеңі бойынша сынақ «Тұлғалар өміріндегі Ислам» кітабы бойынша өтеді.

Еске сала кетелік, Атыраудағы орталық мешіт жанынан бірнеше жылдан бері оқырмандар клубы жұмыс істеп келеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру