Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жамбыл: РАНТ мүшесі жамағатпен жүздесті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 02.03.2022 1730 0 пікір
Жамбыл: РАНТ мүшесі жамағатпен жүздесті

РАНТ мүшесі, Тараз қалалық «Әзірет Әли» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахмет Шу ауданына арнайы сапармен келіп, жергілікті жамағатпен жүздесті.

Исламтанушының қатысуымен өткен бірінші шара «Ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру» атты семинар болды. Шу ауданы «Төле би» мешітінде өткен семинарға қала мен ауыл мешітінің имамдары түгелдей қатысты.  Аталаған мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы қонақпен таныстырып, оған ауылдың діни ахуалын қысқаша баяндап, семинар тәртібін регламентін түсіндірді.

Өз кезегінде Ғазиз Ахмет шулық имамдарға діни сипаттағы жат ағымдарға қарсы мінез бен имуниттет қалыптастыру жолдары, күресу  шарттары мен тиісті қадамдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Қажетті мағлұматпен бөлісті. Семинар соңында имамдар өздерін мазалаған сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Семинардан соң ұстаз Шу ауданы «Төле би» мешітінің бесін уағызына жиналған жамағатқа мұсылманның абыройы мен беделі туралы насихат жасап, тақырып турасында толғанды.

Насихаттан бұрын осы мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы келген мейманды жамағатқа таныстырып, толғандырған сұрақтарын қойып, діни білімн байытып алуға мүмкіндік бар екенін ескертті. Белгілі себептермен мешітке келе алмағандар үшін әлеуметтік желідегі мешіттің парақшасы арқылы тікелей эфир таратылды. 

Уағызды жүзбе жүз тыңдаушылар көкейдегі сауалдарын жолдап, Ғазиз ұстаздан ғибратты жауаптарын алды.

Білікті маман сонымен қатар «Жәми» мешітінде болып, шам мен құптан намазы арасында  уағыз айтты. Белгілі ұстазды ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы таныстырып, мейманға арнайы атбасын бұрғаны үшін алғысын білдірді.

Намазға жиналған жамағатқа «Намаз діннің тірегі» тақырыбында уағыз айтылды. Мешітке келуге мүмкіндігі болмаған жан үшін әлеуметтік желі әлеуетімен тікелей эфирде таратылды. Уағыз соңында аудитория сауалдарын білдіріп, білікті маманнан жауап алды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру