Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ШҚО: Иманды ана, үлгілі жар

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 01.03.2022 2309 0 пікір
ШҚО: Иманды ана, үлгілі жар

«Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы «Ақтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Иманды ана, үлгілі жар» сайысы өтті.

Сайысқа ұлттық салт-сананы жетік білетін, ибалы келіндер қатысып, әдеп пен имандылықтың үлгісін көрсетті.

Алтай аудандық «Ақтан» мешітінің бас имамы Мирас Көкебаев: «Қазіргі уақытта осындай аналар мен келіндер сайысын өткізудің маңызы жоғары. Себебі келін – ана, ұлттық ұйтқысы. Келіндер ибалы, иманды болса, ұлтымыздың болашағы жарқын, ұрпағымыз салауатты болады. Сондықтан осы сайысты қаламыздағы ибалы келін, үлгілі аналарды басқаларға өнеге ету мақсатында өткізіп отырмыз» деп атап өтті.

Сайысқа қатысушылар ас әзірлеу, үлкенді сыйлау, ептілік, жылдамдық, табақ тарту секілді бірнеше аталым бойынша жарысқа түсті. Сонымен қатар сұрақтардарға жауап беріп, қазақтың салт-дәстүрінен таным-білімін байқатты.

Сайыс жүлдегерлерін қазы әжелер анықтады. Жүлдегерлерге «Ақтан» мешіті атынан бас имам Мирас Көкебаев сыйлықтар табыстады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру