Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы аймағы: РАНТ мүшесі студенттермен жүздесті

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 01.03.2022 1896 0 пікір
Алматы аймағы: РАНТ мүшесі студенттермен жүздесті

ҚМДБ Алматы аймағы өкілдігінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Дәуренбек Жандосұлы «Кәсіптік оқудағы көпсалалы коллдеж» және «Су шаруашылығы» колледжі студенттерімен «Діни ағымдардың ара жігін ажырату» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында наиб имам жастарға өзінің пайдалы уағыз-насихатын айтып, бағыт-бағдар берді.

«Басты мақсатымыз – теріс діни ағымдардан сақ болуға шақыру, деструктивті ағымдардан жастарымызды қорғау, адамның рухани жетілуі, түрлі жат діни экстремизм, терроризм сынды бағыттарға жоламауға үйрету. Жастардың уақытын үнемді өткізу. Әлеуметтік желіні дұрыс пайдалануға үндеу. Адамгершілікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Діннің тарихын, мәнін түсіну және оның қоғамда алатын орнын анықтау» деді Дәуренбек Жандосұлы.

Өз кезегінде колледж студенттері көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Сондай-ақ Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы «Кәсіптік оқудағы көпсалалы» колледжінде Жастар ресурстық орталығы, «Jas Otan» жастар қанаты және теолог маман Айбек Тұрсынұлының ұйымдастыруымен «Келешегі кемел жастарды діни ағымдардан сақтандыру» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Аталмыш кездесуде де РАНТ мүшесі Дәуренбек Жандосұлы жастарға насихат айтып, пайда кеңестерін бөлісті.  

Колледж шәкірттері де имамға сауалдар қойып, тұшымды жауап алды. Ал мұндай жүздесулер алдағы уақытта жыл бойына жалғаса бермек дейді ұйымдастырушылар.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру