Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Ақсақалдарға алғыс айтты

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 01.03.2022 2283 0 пікір
Шымкент: Ақсақалдарға алғыс айтты

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ҚМДБ-ның Шымкент қалалық өкілдігінің қолдауымен «Әбу Райхан Бируни» мешітінде рухани жүздесу өтті.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға шүкір ете алмайды», – деген.

Іс-шараға бас имамның орынбасары Мұхаммеджан Естеміров, қалалық Дін істері басқармасының басшысы Тұяқбаев Әлжан және аудандардың бас имамдары, жергілікті тұрғын үй алабының қариялары қатысты.

Жиын барысында құрметті ақсақалдарға алғыс сөздер айтылып, сый-сияпаттар табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру