Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

РАНТ мүшесі – Павлодар облысында

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 01.03.2022 2186 0 пікір
РАНТ мүшесі – Павлодар облысында

Алматы қаласындағы «Байкен» мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі  Нұрболат Аманбайұлы арнайы іс-сапармен Павлодар облысында болды.

Нұрболат Аманбайұлы Павлодар қаласындағы АП-162/1 және АП-162/4 мекемелерінде болып түзету мекемесінің теолог қызметкері Рауан  Мерекеұлы, теолог-инспектор Бауыржан Бауыржанұлымен бірге  деструктивті діни ағым бойынша жазасын өтеушілермен бірнеше рет жалпы және жеке кездесулер өткізді. Сондай-ақ «Мәзһаб ұстанудың маңыздылығы»,  «Ұстазы бардың ұстанымы бар», «Дін мен дәстүр», «Білім алудың пайдасы» тақырыптарында насихат айтты. Кездесу соңында жазасын өтеушілердің сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар Нұрболат Аманбайұлы Екібастұз, Ақсу қалалық және Павлодар қаласындағы «Ақмешіт» мешітінің жамағатына уағыз-насихат айтып, мұсылман бауырлармен жалпы және жеке кездесулер өткізді.

Одан бөлек Екібастұз қаласындағы №36 лицейдің оқушылармен кездесіп, «Ислам және жастар», «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыптарында уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ Екібастұз қалалық мешітінде өткен қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру