Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 01.03.2022 2051 0 пікір
Студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Нұр-Мүбарак университетінде «Көптілділік – бүгінгі заман талабы» атты ІV студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қазақ, ағылшын, араб, орыс тілдерін қамтыған білім сайысын Араб тілі және ағылшын тілдер кафедрасы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.

Қасиетті Құран оқылып, екі елдің әнұраны әуелеген жиынның алғысөзінде ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат көп тіл білудің артықшылығына тоқталып, студенттерге сәттілік тіледі.

Халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген даналық сөзі – бүгінгі заманға дөп келетін талап. Себебі бәсекеге қабілетті ел болуымыз, дамыған елдер қатарына қосылуымыз үшін білімді де, озық ойлы азамат әрі білікті маман болу шарт. Сол себепті көптілділік – көкейкесті мәселелердің әрі бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтың бірі.

Конференция мақсаты – студенттердің ой қабілетін, білімін, танымдық белсенділігін дамыту, көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесіндегі қолданысын түсіндіру. Конференция аясында көп тілді меңгеру дәрежесі баяндалды. «Араб тілін жетік меңгеру – білікті исламтанушы маман дайындаудың негізі», «Шетел тілінің қазіргі кездегі заманауи көпмәдениет әлеміндегі рөлі», «Көптілділік – заман талабы» атты 3 секция бойынша 50-ге жуық баяндама тыңдалды.

Конференция соңында студенттердің үздік ғылыми жұмыстары анықталып, жеңімпаздарға дипломдар, ал олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру