Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қарағанды: Жылдық жоспар талқыланды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 25.02.2022 2332 0 пікір
Қарағанды: Жылдық жоспар талқыланды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облысқа қарасты барлық  қала, аудан имамдарының қатысуымен  кезекті жиын өтті.

Жиынға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы, Дін істері басқармасының басшысы Дулат Қанышұлы, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Бейсембайұлы және облысқа қарасты аудан, қала имамдары қатысты.

Жиынның  шымылдығын ашқан облыс бас имамы Өмірзақ қажы  Қазкенұлы бүгінгі жиынның маңыздылығына тоқталып өтті. ҚМДБ бекіткен жылдық жоспарға сәйкес 2022 жылы атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2022 жылды «Ислам –ынтымақ пен бірлік діні» жылы деп бекіткен болатын. Осыған орай облысқа қарасты аудан және  қала мешіттерінің имамдарына жылдық жоспарды баяндап, айтулы шаралардың жауапты мамандарына тапсырмалар  бекітілді.

Облысқа қарасты аудан, қала, ауылдардағы діни ахуал мен дін қызметкерлерінің тыныс-тіршілігі талқыланды.  Аймақ имамдары түрлі мәселелін ортаға салып, өзіндік пікірлерін білдірді.

Жиынға арнайы қатысқан дін істері басқармасының басшысы Халел Дулат Қанышұлы және Қарағанды облысының ішкі істер басқармасының басшысы Құсайын Ерлан Бейсембайұлы облыс имамдарының қызмет барысына баға беріп, бірнеше мәселелерді талқыға салды.

Сондай-ақ, «Ihsan Media» жұмысы талқыланып, бірнеше жоспар алға қойылды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру