Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы аймағы: 30-параны жатқа оқудан сайыс өтті

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 24.02.2022 2734 0 пікір
Алматы аймағы: 30-параны жатқа оқудан сайыс өтті

Алматы облысы Іле ауданына қарасты «Арын қажы» мешітінің ұйымдастыруымен Құранның 30-парасын жатқа оқудан байқау өтті.

Облыстық жарысқа іріктеу кезеңіне ауданнан отыз бес үміткер қатысты. Ізгі шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Алдымен Алматы аймағының бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі әрі Құранды жаттау сауабы мол амал екенін айтып өтті.

Қатысушылардың қырағатын және аяттардың қазақша мағынасын жетік білуін «Арын қажы» мешітінің ұстазы Ерлан Ақатаев, «он қырағат иесі» Зайнулабидин қари Сманов, Нұр-Мүбарак университетінің доктаранты, ұстаз Әбдіхалық қари Абдумажидұлы мен Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы бағалады.

Нәтижесінде І орынды Екпін Бағдарсын иеленіп, Ұмраға жолдама алса, ІІ орын (100 мың теңге) Ержанұлы Бекардаққа бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынды (50 мың теңге) Жұматай Біләл қанағат тұтты. Байқау соңында жүлдегерлерді аудан имамы Дархан Аманұлы Алғыс хатпен мараттап, болашақта Құранды толық жаттаған қари болуларына тілектестігін жеткізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру