Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Екі күндік семинар қорытындыланды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 24.02.2022 1947 0 пікір
Маңғыстау: Екі күндік семинар қорытындыланды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2022 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде діни білім және ғылым бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Осыған орай, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өткізіліп жатқан «Раббым, білімімді арттыр» атты ақпараттық-танымдық семинар жұмысын аяқтады.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы жергілікті имамдарға екі күндік семинарды тәмәмдағанын куәландыратын сертификаттарды табыстай отырып, оларды алдағы уақытта да білімдерін шыңдауға шақырды.

Өз кезегінде дәріс алған дін қызметкерлері іс-шараны ұйымдастырған өңір бас имамына және Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру