Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Елордада әйел шәкірттер «Құран әліппесін» тәмамдады

muslim.kz 18.02.2022 3580 0 пікір
Елордада әйел шәкірттер «Құран әліппесін» тәмамдады

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Діни сауат ашу курсында оқитын әйел шәкірттерге арналған «Құранмен қауышу» шарасы өтті.

Оқу жылының ортасына таман жаңадан қабылданған шәкірттердің «Құран әліппесін» толықтай меңгеріп шығуына орай ұйымдастырылған шара аясында 60-тан аса қыз-келіншекке арнайы анықтама қағазы табысталды.

Рспубликалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Динара Құтқожақызы, Эльмира Бұхарбаева және Зарина Шамидуллақызы шәкірттерге бүгінгі шараның мән-маңызын түсіндіріп, діни білім жолындағы алғашқы белестерімен құттықтады. Құран оқудың пайдасы мен сауабы жайында насихат айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Шараға қатысушы шәкірттердің барлығына арнайы анықтама қағазымен бірге қасиетті Құран кітабы сыйға берілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру