Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Нұр-Сұлтан: Мешітке жаңадан қызметкерлер тағайындалды

muslim.kz 18.02.2022 3325 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Мешітке жаңадан қызметкерлер тағайындалды

Бүгін ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне жаңадан қызметкерлер тағайындалды.

Мешіт бас имамы Руслан Байзақов жұма намазына жиналған жамағатқа наиб имамдық қызметке тағайындалған Саят Хасенов пен  жаңадан тағайындалған азаншы Салмон Хадиршаевті таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Саят Серікұлы Хасенов 16.05.1989 ж. дүниеге келген.

Білімі:
2008-2011 ж.ж. аралығында «Астана» медресе колледжін тәмамдаған.
2014-2017 жылдар аралығында Түркия Республикасы «Хасеки» діни институтында білімін жетілдірген.

Еңбек өтілі:
2011-2013 ж.ж. аралығында Қостанай облысы, Қостанай қаласы «Марал-Ишан» мешітінде ұстаз;
2013-2014 ж.ж. дейін Костанай облысы, Рудный қаласының «Нұр» мешітінің найб имамы;
2017-2022 жылдың 16 ақпанына дейін елордамыздағы «Төлебай» мешіті  найб имамы қызметінен атқарған.
2022 жылдың 17 ақпанында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің найб имамы қызметіне тағайындалды.

Салмон Абдулхафизулы Хадиршаев  04.04.1990 жылы дүниеге келген.

Білімі:
2005-2008 ж.ж. «Дарул аль Аркам» медреседе(Құран Кәрім жаттау орталығы) оқыған.
2008-2013 жылдар аралығында «Нұр Мүбәрак» университет бітірген.

Еңбек өтілі:
2014-2016 ж.ж. Павладар қаласы Екібастұз қалалық  мешітінде ұстаз;
2017-2018 ж.ж. Шымкент қаласындағы «Әділ Омар» мешітінде ұстаз;
2018-2022 жылдың 17 ақпанына дейін елордамыздағы «Әл Фараби» мешітінің азаншысы қызметін атқарған.
2022 жылдың 18 ақпанында «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің азаншысы болып тағайындалды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру