Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Бас имам студент жастарға насихат айтты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 18.02.2022 3323 0 пікір
Қызылорда: Бас имам студент жастарға насихат айтты

Қызылордада діни бірлестік жетекшілері, қорғаныс істері жөніндегі департамент мамандары, қоғам белсенділері және кәсіпкерлер облыс орталығында орналасқан жоғарғы және арнаулы оқу орындары студенттерімен жүздесті.

Кездесуді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов ашып беріп, бұл тағылымды шараның жастар үшін маңызына тоқталып өтті. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Ұлт болашағы – жастар» тақырыбында ұйымдастырылған шара барысында Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы да сөз алып, ата-ананы құрметтеу, білім алу, еңбексүйгіштік, бейбітшілік пен бірліктің маңыздылығы турасында насихат айтты.

Сонымен қатар белгілі айтыскер ақын, «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі Мамыр Байдәулет, облыстық мәслихат депутаты, меценат Нұрболат Ибраев, Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік сөз сөйлеп, жастарға өз тәжірибелерін бөлісіп, олардың қойған сауалдарына жауап беріп, еркін форматтағы пікірталасқа жалғады.

Аталмыш кездесу ұлт руханияты мен заман көшінің ілгері жылжуына, жастарымыздың кеш қонақтары ретінде шақырылған іскер азаматтардан үлгі ала отырып, тұлға ретінде дамуына, өздеріне деген сенімділіктерін нықтауға, алға қарай батыл қадам басуларына оң ықпалын тигізу мақсатында өткізілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру