Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Іле ауданында азаншылар жарысы өтті

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 18.02.2022 2746 0 пікір
Іле ауданында азаншылар жарысы өтті

Алматы аймағына қарасты  Іле ауданында азаншылар жарысы өтті.

Қоянқұс ауылында өткен байқауға ауданға қарасты ауылдардан 25 азаншы қатысып, бақ сынады. Ізгі шараның ашылуында Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, азан айту сауабы жайында насихат айтты.

Байқауға Іле ауданының білікті де, білімді ұстаздары төрешілік етті. Бірінші орынды Междуреченск ауылдық мешітінің шәкірті Серікұлы Нұрбек қанжығасына байласа, екінші орынды Түймебай ауылдық «Исмайл ибн Ибрахим» мешітінің шәкірті Лалаев Сухрап иеленді . Ал үшінші орынды Құйған ауылдық мешітінің шәкірті Жайлаубаев Азамат қанағат тұтты.

Жарыс соңында арнайы Құран аяттары оқылып, қаңтар айында қыршын кеткен азаматтардың рухына дұға бағышталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру