Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қызылорда: Кітап – рухани қазына

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 15.02.2022 2089 0 пікір
Қызылорда: Кітап – рухани қазына

ҚМДБ Қызылорда облыстық бойынша өкілдігі мен ҚМДБ Жастар ісі секторының аймақтағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Кітап – рухани қазына» тақырыбында кездесу өтті.

Аймақтың бас мешітінде өткен еркін форматтағы кездесуге Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Асқар Құрмаш, «Кітап құрттары» кітап клубының жетекшісі Талғат Меңдібаев және Жастар ісі секторының қала мешіттеріндегі жауапты мамандары қатысты.

Кітап сыйлау күніне орай ұйымдастырылған шарада кітап оқудың пайдасы, жастарды кітап оқуға қызықтыру, дініміздегі кітап оқу мен білім алудың маңыздылығы жайлы сөз қозғалды.

Кездесу соңында облыстың бас имамы Болатбек Абуов «Кітап құрттары» кітап клубын үш жылдық мерейтойымен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. Мерекенің құрметіне кітап сыйланды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру