Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Рухани-танымдық семинар өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 09.02.2022 1734 0 пікір
Шымкент: Рухани-танымдық семинар өтті

Шымкент орталық мешітінде «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» атты бастамасы аясында «Діни оңалту: негізгі проблемалар мен тенденциялар» атты рухани-танымдық семинары ұйымдастырылды.

Айтулы рухани танымдық семинарды Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Игі шара қасиетті Құран оқумен басталды. Арнайы ұйымдастырылған шараға Нұр-Сұлтан қаласы «Н.Назарбаев» орталығы діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры, соц.ғ.к., ҚХА ҒСК мүшесі Талғат Жақиянов арнайы қатысып, «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі проблемалар мен тенденциялар» тақырыбы бойынша имамдарға дәріс оқыды.

Айта кетсек, басқосуға Шымкент қаласы дін істер басқармасы «Діни мәселелерді зерттеу» орталығының дінтанушы мамандар мен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіт имамдары қатысты. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табыс етілді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру