Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Алматы аймағы имамдары жиын өткізді

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 08.02.2022 1647 0 пікір
Алматы аймағы имамдары жиын өткізді

Алматы облысының «Қарасай батыр» мешітінде Алматы аймағының бас имамы Қуаныш Наржановтың төрағалығымен жылдың жұмыс жоспарын таныстыру жиыны өтті.

Қала, аудан имамдары мен жеті бағытқа жауапты мамандар қатысқан алқалы жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр әуелеті, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану және теріс ағымдармен оңалту жұмысын күшейту мәселелері талқыланды.

Алматы аймағының бас имамы Қуаныш Наржанов ҚМДБ бекіткен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылында атқарылатын тапсырмаларға жеке-жеке тоқталды. Сонымен қатар бас имам діни білім және кадр әлеуеті бойынша жоғары діни білімді кадрлар санын арттыруға басымдық беру, діни сауат ашу курсындағы шәкірттер санын көбейту, медресе түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету өзекті мәселе екенін атап өтті.

Жиында онлайн және офлайн форматтағы насихаттардың сапасына басымдық беру, Ихсан ілімі аясында құнды шығармалар мен мақалалар дайындау, «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбы аясында кең көлемдегі іс-шараларды  атқару керектігі айтылды. Сондай-ақ «Ақсақалдар алқасы» мен «Әжелер мектебінің» жұмысын жандандыру, мирас, неке т.б күрделі сұрақтарды дер кезінде пәтуа бөліміне жолдау туралы да сөз қозғалды.

Бас имам бұдан бөлек Ақпарат және ағарту, Дін мен дәстүр бағыттары бойынша мақала жазу, қысқаметрлі видеороликтар дайындау, өкілдікке қарасты сайт пен парақшаларға тіркелушілердің санын арттыру әрі әлеуметтік желі қолданушысы ретінде белсенді болуға шақырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру