Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қарағанды: Имамдар жылдың есебін берді

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 09.12.2021 2036 0 пікір
Қарағанды: Имамдар жылдың есебін берді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде  Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының төрағалығымен жылдың қорытынды есебін беру жиыны өтті.

Облыс наиб имамдары мен қала, аудан имамдары қатысқан алқалы жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни мерекелер мен қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, бесін, ақшам намаздарындағы уағыздардың айтылуы және теріс ағыммен күрес бағыттары, аймақтардағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет беріліп, слайд ретінде көрсетілді.

Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жылдық есеп тапсырған аудан, қала мешіттерінің жұмыстарына оң баға беріп, имамдардың еңбегіне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктер жайлы ескертіліп, келер жылғы жоспарға енгізу туралы айтылды.

Жиналыс соңында облысқа қарасты барлық мешіттерге мақтау қағаздарын табыс етіп, алғысын айтты. Есеп беру барысында облыс бас имамы аудан, қала имамдарына 2021 жылы жасалған істердің одан әрі жетілдірілетін тұстарын атап, арнайы тапсырмалар берді.

Алқалы жиынның қорытындысында облыс бойынша үздік, белсенді және еңбегі еленген дін қызметкерлері марапатқа ие болды. Атап айтқанда,  «Әлихан Бөкейхан» атындағы Теміртау орталық мешітінің имамы Естай Айтуғанұлы «Жылдың үздік имамы» номинациясымен марапатталса, Қаражал қалалық мешітінің имамы Талғат Советов пен Жаңаарқа аудандық «Халық» мешітінің имамы Асхат Қанай жылдың «Жылдың белсенді имамы» номинациясын иеленді. 

Сондай-ақ еңбегі еленіп, лайықты құрметке бөленген марапат иелері қатарында, ел тәуелсіздігін алған жылдардан бастап қызмет етіп келе жатқан ардагер имамдар «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлы, Саран қалалық мешітінің имамы Мұхамедқали Салиқов арнайы алғысқа бөленді.

Сонымен қатар облысқа қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіттері мен  имамдарына өңірдің бас имамы алғыс хат табыстап,  қызметіне сәттілік пен береке тіледі.

Жиынның екінші бөлімінде облыстың діни ахуалы талқыланған отырыс өтіп, оған Қарағанды облыстық конфессияаралық келісім ұйымының басшысы Дулат Рашидұлы, Қарағанды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бөлім басшысы Бекзат Еңсекенов қатысты. Облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы аймақтың діни ахуалын өркендетіп, өзара бірлесіп қызмет атқарып келе жатқан басқарма басшыларына, атап айтқанда Қарағанды облыстық Дін істері басқармасының басшысы Дулат Қанышұлына, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығы, әділет полковнигі Ғ.Тәкешев және Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Е. Құсайыновқа өзінің алғысы мен ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хатын табыстады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру