Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Боз кілемде балуандар белдесті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.11.2021 2022 0 пікір
Қостанай: Боз кілемде балуандар белдесті

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қостанай облысы Рудный қалалық «Нұр» мешіті қазақша күрес турнирі өтті.

Турнирге Лисаков, Қостанай, Тобыл, Рудный қалалары мен Әулиекөл, Майлин аудандары, Қашар кентінен 37 балуан қатысып, бақ сынады. Жарыс басында Рудный қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қуандықұлы жұртшылықты Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаса, мешіт жамағатынан қадірменді Торғайбай ақсақал балуандарға бата берді.

Рудный қаласының бас имамы Бектұрсын Уәлиев мұндай турнирлер жастарды отансүйгіштікке, асыл дінімізді қастерлеп, салт-дәстүрімізді ардақтауға, сондай-ақ жамағат арасындағы ынтымақ-бірлікті арттыруға ықпал ететініне тоқталды.

Турнир қорытындысы бойынша 80 келі салмақ бойынша бірінші орынды Мәлік Бекқали иеленді. Асхат Маратов өзінің шеберлігімен көзге түсіп, түйе балуан атанды. Жеңімпаздарға арнайы марапаттар, қаржылай сый-сияпаттар тапсырылды. Сондай-ақ «Көрермен көзайымы», «Ардагер балуан», «Жеңіске деген ынтасы үшін» номинациялары бойынша сыйлықтар мен дипломдар берілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру