Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Павлодар: Мүткеновте мешіт ашылды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 29.11.2021 2632 0 пікір
Павлодар: Мүткеновте мешіт ашылды

Павлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты Мүткенов ауылында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында күмбезі мен мұнарасы келіскен жаңа мешіт ашылды.

Кеңес одағының батыры Серікбай Мүткенов есімімен аталатын ауыл мешіті 200 адамға арналған. Қос мұнаралы, күмбезді мешіттің имам бөлмесі, дәрісхана, әйелдер намаз оқитын бөлме, дәрет алатын орын, киім ілетін дәлізі бар.

Мешіттің салтанатты ашылуына облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы, Ақтоғай ауданының бас имамы Ахметолла Жандарбекұлы, аудан әкімі Қ. Арынов және басқа да ел алдында жүрген азаматтар қатысып, ауыл халқын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, мешіттің игілікті істердің бастамашысы болып, иманды да ибалы жастарды тәрбиелеп шығаруға ұйытқы болатынын айта келе, мешіт құрылысының бой көтеруіне қатысқан белсенді азаматтарға марапат хат, сый-сияпаттар табыстады.

Салтанатты шараға қатысқан барлық ресми өкілдер кезегімен сөз алып, халықты береке-бірлікке шақырса, ауыл ақсақалдары ақбатасын беріп, ақжаулықты аналар шашу шашып, ізгі ниеттерін білдірді.

Келесі кезекте ауылдық мәдениет үйінде ауыл халқының ақ дастарханы жайылып, жылы лебіздер айтылып, ақ баталар беріліп, аудан өнерпаздарының имандылық ордасы ашылуына орай арнайы дайындаған мәдени-рухани шаралары жалғасын тапты.

«Былтыр басталған мешіттің құрылысына Қазақстанның түкпір-түкпірінде, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде тұратын ауыл тумалары мен жергілікті ауылдық округінің тұрғындары түгелдей өз үлестерін қосты. Әлбетте, бұл игі істің бастамашысы болып, ұйымдастырып, ұйыстырған азаматтар болды. Осының нәтижесінде мешіт құрылысы толық аяқталып, ел игілігіне ұсынылды» дейді облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру