Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Індеттен көз жұмған имамдарды еске алды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 22.11.2021 1975 0 пікір
Шымкент: Індеттен көз жұмған имамдарды еске алды

Шымкент қаласының имамдары «Назармат ата» мешітінде бірер жылда жұқпалы індеттен көз жұмған дін қызметкерлерін еске алды.

Іс-шараға әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, Түркістан облысының іс басқарушысы Мұхамеджан Естеміров бастаған дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты қатысты.

Алдымен Құран аяттары оқылып, індеттен қайтыс болған имамдардың рухына дұға бағышталса, кейін марқұмдар жайлы естеліктерге кезек берілді.

Індет салдарынан алты мешіт қызметкері бақилық болса, оларға құрмет ретінде өздері қызмет еткен мешіт қабырғасына аты-жөні жазылған арнайы тақтайша ілінді.

Айта кетейік, Шымкент орталық мешіті мен «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдігінің ұйытқы болуымен індет кесірінен ауруханаларда жатқан науқастардың дәрі-дәрмектеріне қаржылай және өзгеде қажеттіліктеріне сәйкес көмектер берілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру