Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Зайсанда жерлеу рәсімдері пысықталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 19.11.2021 2283 0 пікір
Зайсанда жерлеу рәсімдері пысықталды

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі мен «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету оралығының өңірдегі өкілдігі «Жаназа және жерлеу рәсімдерін насихаттау» айлығын жариялады.

Айлық аясында Зайсан аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Жаназа, жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аудан әкімдігінде өткен іс-шараға ауданның бас имамы Нұрболат Әметұлы және ауыл мешіттерінің имамдары, Зайсан қаласы әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің мамандары, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы, ақсақалдар қатысты.

«Қазіргі уақыта ҚМДБ зират әдебі, жаназа және жерлеу рәсімдерін бір қалыпқа түсіру, науқандарда ысырапшылдыққа жол бермеу қатарлы мәселелерді реттеу бағытында «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығын құрды. Мұсылман зиратының стандарты құлпытастың және қоршаудың мөлшері Діни басқарма тарапынан бекітіліп, халыққа ұсынылды. Алдағы уақытта осы бекітілген тұжырымдама арқылы жұмыс істейміз» деген бас имам зираттың суретін, кебін, құлпытас т.б мәселелерді жеке-жеке талдап, таныстырды. Сонымен қатар зираттарды бір стандартқа түсіру, зират әдебін насихаттауды қолға алып отырғанын жеткізді.

Жиынға қатысушылар өз тарапынан зират рәсімдерін халық арасына жеткізу дұрыс бастама екеніне тоқталып, насихат шараларын бірлесе жасауға келісті. Ақсақалдар өз ой-пікірлерін ортаға салып, бұл бағыттағы мешіттің жұмысына оң баға берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру