Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: 464-баспана кілті табысталды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 18.11.2021 1596 0 пікір
Қызылорда: 464-баспана кілті табысталды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Қызылорда облысы Арал ауданында тұратын көпбалалы отбасыға 464-баспананың кілті табысталды.

Шараға Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, Арал ауданы Қарақұм ауылының тұрғыны, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыға пәтер кілтін арнайы табыстады.

Сонымен қатар аталған пәтер ауыл имамы және жамағаттың қолдауымен табысталып отырғанын хабарлап, қайырымды істі қолдаған азаматтарға алғысын жеткізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру