Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Талдықорған: РАНТ мүшесі жастармен жүздесті

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 18.11.2021 1545 0 пікір
Талдықорған: РАНТ мүшесі жастармен жүздесті

РАНТ мүшесі, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Нәдірұлы Жастар ісі секторының Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында өткен «Болашақ жарымды қалай таңдаймын?» тақырыбындағы ақпараттық кездесудің қонағы болды.

Шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқарма басшысының орынбасары Ұлан Боранбайұлы жүргізді. Сонымен қатар кездесуге ҚМДБ Жастар ісі секторының Талдықорған өңіріндегі меңгерушісі Ерлан Бердібеков, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының шәкірттері қатысты.

Кездесуде еліміздің болашақ жастарына өмірлік серігін таңдаудағы ерекшеліктерді зерделеп беруге мән берілді. «Біз ақ некелі жарын «Құдай қосқан қосағым», «жан жарым» деп құрметтейтін халықпыз. Әуелі Алланың, сосын өзінің қалауымен екі жас бірін-бірі тауып, өмірлік серігіне айналып жатса құба-құп. Алайда қазіргі таңда болашақ жарымды қалай тапсам екен деп жүргендер де аз емес. Осы жолда әуелі иманды және өзімен мақсаты ұқсаған жанды табу алғы шарт» деген Думан Нәдірұлы жастарға тағылымды ойлар айтып, сұрақтарына жауап берді.

Өте әсерлі де қызықты өткен кездесу жиылған жастар үшін пайдалы болды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру