Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Үйі өртенген отбасыға халық баспана салып берді

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 15.11.2021 3340 0 пікір
Үйі өртенген отбасыға халық баспана салып берді

Ақмола облысында шаңырағы өртке оранып, жұбайы мен баспанасынан айырылған жалғызбасты анаға көпшілік үй салып берді.

Қайғылы жағдайды әлеуметтік желіден естіген отандастарымыздан айналасы бір аптаның ішінде 6 млн. теңге қаржы жиналып, құрылыс жұмыстары бір айға жуық жүргізілген. Осылайша Степногорск қаласына қарасты Байқоныс ауылында қаңқасы ғана қалған ескі үй кеңейтіліп қайта салынды.

Облыстық «Науан Хазірет» мешітінің мұрындық болуымен жасалған қайырымды іске жергілікті кәсіпкерлерден бастап, қарапайым халықтың бәрі атсалысты. Баспана «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында берілді.

«Бұл аталған жоба бойынша мұқтаж отбасыларға тарту етілген аймақтағы 19-шы, ал, еліміздегі 480-үй. Баспана барлық қажетті жиһаз және тұрмыстық техникалармен жабдықталды. Осылайша апаттан аман қалған келіншек пен оның қос бүлдіршінін халық далада қалдырмады. Көңілі қардай аппақ, қолы ашық ауыл тұрғындарына мың алғыс» деді Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы.

«Басыма іс түсіп жатқанда қайғымды бөлісіп, кішкене де болса көңілімді аулап сөйтіп жатқан халқыма рахмет! Көптен көп рахмет! Алла разы болсын! Басыма баспана салып беріп жатқан, қандай ел болып көмектесіп жатқан халқыма рахмет! Рахметтен басқа айтарым жоқ» деді баспана иесі Ақерке Битан.

Ал үй құрылысының басы-қасында болған Байқоныс ауылының тұрғыны Дәулет Құмарұлы былай дейді:

«Барша халықтың келіп жұмылып, сонау Аралдан келіп, Тараздан келіп, біреулер келіп жаңа көмірін түсіріп кетті. Біреулер келіп, сылағын істеп кетті. Біреулер келіп ана шатырын жауып беріп кетті. Енді біреулер келіп сыртын жасап жатқанда біреулер келіп, біреулер келіп ішінің паровойын тартып деген сияқты. Сөйтіп халықтың көптеген көмегі тиді».

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру