Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Қарағандыда рухани Мәуліт кеші өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 14.11.2021 1899 0 пікір
Қарағандыда рухани Мәуліт кеші өтті

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлының бастамасымен және орталық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік өнеге – Әз Мұхаммед Мұстафа» атты рухани мәуліт кеші өтті.

Салтанатты шараға хақ пайғамбарды қадір тұтқан қала тұрғындары жиналды.

Мерекелік шараны салтанатты түрде ашып беру үшін бас имам Өмірзақ Қазкенұлы арнайы сөз алып, Пайғамбарымыздың Мәуліт айымен Қарағанды жұртшылығын құттықтап, Алла елшісінің дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлеуі – соңынан ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш екенін айтты. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, мұсылмандарды Оның көркем мінезінен үлгі алуға шақырды .

Бұдан кейін мәуліт оқылып Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолдады. Мерекелі шара құптан намазы уақытында бастау алды. Рухани кештің құрметті қонақтары исламтанушы-ғалым Ризабек Батталұлы және елордадағы «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимов жиылған жамағатқа әсерлі уағыз-насихат айтты.

Берекелі кеш «Әнет баба» мешітінің асханасында жамағатқа арнайы жайылған дастархан басында жалғасып, Қасиетті Құран Кәрім оқылып, кештің құрметті қонағы Арман Ғабдуллин Пайғамбарымыздың құрметіне домбыра күмбірімен арнау әнін шырқады.

Мәуліт кешіне қатысушы жамағатқа Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  қатысты сұрақ-жауап койылып, сауалға жауап берген жамағатқа «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы сыйға берілді.

Шарапатты мәуліт мерекесіне келген Қарағанды жұршылығы ерекше әсерге бөленіп, жүрекжарды алғысы мен ризашылығын  білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру