Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Жат ағымнан оңалту – ортақ міндет

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 11.11.2021 1956 0 пікір
Ақтөбе: Жат ағымнан оңалту – ортақ міндет

Бүгін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Жат ағымның алдын алу және оңалту» тақырыбында жиын өтті.

Жиынға Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Жәнібекұлы, Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы және қала имамдары қатысты.

Жиналыс барысында өңірдің бас имамы жат ағымнан оңалту – ортақ міндет екенін атап өтті. Басқосуда жат ағымның алдын алу үшін жасалып жатқан іс-шаралардың маңызын арттыру, оңалту мәселелері бойынша жұмыстардың нәтижесіне көңіл бөлу мәселесі қаралды.

Сонымен қатар мешіттер мен діни орталықтарда жүргізілетін шаралардың жоспарлары да назарға алынды. Алдағы уақытта спорттық жарыстар, білім сайысы, дастарқан уағыздары жасалып, жат ағым ұстанушы адамдарды дәстүрлі бағытқа тарту жұмыстары негізінде жүйелі түрде діни оңалту бойынша жұмыстар жасалу керек деп шешілді.

Еске салсақ, ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінде жат ағыммен күрес және оңалту мәселелері бойынша түзету орындары мен мекемелерде, түрлі сала мамандарымен тұрақты түрде кездесулер мен іс-шаралар өткізіліп келеді. Одан бөлек алдағы уақытта қала имамдары кезек-кезекпен ауыса отырып, мешіттерде уағыз-насихат дәрістерін жүргізеді.

Жиналыс қортындысында жыл бойы жасалған имамдардың жұмыс есебі тыңдалды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру