Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Ихсан кітабы бойынша дәріс өтуде

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 10.11.2021 1715 0 пікір
Қызылорда: Ихсан кітабы бойынша дәріс өтуде

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Ихсан кітабы бойынша дәрістер өте бастады.

Дәрістің ерекшелігі сол – апта сайын жамағат Ихсан кітабы бойынша бір тақырыпқа дайындалып, жамағатқа сол тақырыпты ашықтап түсіндіріп береді.

Бір жағынан жамағат Ихсан ілімімен сусындаса, екінші жағынан өзін шыңдайды. Сондықтан мұндай дәрістердің жамағатты шыңдауға үлесі зор. Жамағат дәрістерге ынталы әрі белсенді түрде кірісіп, жақсы қабылдап, білім алуға деген құлшынысы артқанын айтуда.

Айта кетейік, дәрістерді «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Мағжан Өмірбеков жүргізеді. Жамағат Ихсан кітабын толық оқып шығып, бір-бірін тыңдап әрі шыңдап, ойын ортаға салады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру