Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ШҚО: Мәулітке орай мүшәйра өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 10.11.2021 2711 0 пікір
ШҚО: Мәулітке орай мүшәйра өтті

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірге келген Мәуліт айының құрметіне және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты Жанұзақ ауылдық мешітінде «Пайғамбарға махаббат» атты облыстық мүшәйра өтті.

Жыр сайысына 30-дан астам ақын қатысып, іріктеуден өткен он ақын ақтық мәреге жолдама алса, Мәуліт кешінде көпшіліктің алдында өлеңдерін оқып, бәйгеге түсті. Мүшәйраны жергілікті ақындар бағалады.

«Мүшәйраның бастысы мақсаты ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірін насихаттау, халықты ислам құндылықтарына шақыруға бағытталды. Біз облыстағы ақындар арасында осындай жыр сайысын ұйымдастырып отырмыз. Ақындар белсенді қатысты» дейді Жанұзақ ауылдық мешітінің бас имамы Нұрлан Қарсыласқанұлы:

Қазылар алқасының шешіміміен өскемендік ақын Кәмшат Әбілғазықызы бас жүлдеге ие болды. Жүлдегер болған Күлзия Бірлікқызы, Народ Бота, С.Шынар қатарлы ақындар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ауылдық мешіт атынан жыр сайысына қатысқан барлық ақындарға марапат және сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар шарада Бозанбай ауылынан келгген «Жалын» ақындар мектебінің жетекшісі Нөсер Қабитханға мешіт атынан шапан жауып құрмет көрсетілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру