Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Шығарма байқауы қорытындыланды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 10.11.2021 2033 0 пікір
Ақтөбе: Шығарма байқауы қорытындыланды

Адамзаттың асыл тәжі болған, ақырғы елші Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мүбәрак мәуліт айының құрметіне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Біз қандай үмметпіз?!» шығарма байқауы өтті.

Байқауға 5-сынып оқушысынан бастап 64 жастағы қарияларымыз, мұғалім мен мұнай саласының мамандары, т.б қатысты. Атап айтсақ, жиырмаға жуық қатысушы шығарма байқауында бақ сынады.

Қазылар құрамында болған Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы, журналист, облыстық «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгерім Есберген әрбір шығарманы жеке-жеке оқып, саралады.

Қорыта келе, І орынға 7-сынып оқушысы Айша Нұрлыбекқызы (50 000 теңге) лайық деп танылса, ІІ орын 5 баланың анасы Гауһар Қойшығұловаға (30 000 теңге ), ал ІІІ орын Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Мұқыр ауылының тұрғыны Мерей Әбдуғалиевке (20 000 теңге) бұйырды. Одан бөлек, байқаудың 4 қатысушысы қаржылай ынталандыру сыйлығына ие болды.

 «Қатысушылар арасынан үздіктерді таңдау оңайға соқпады. Себебі, әр шығарманың өзіндік ерекшелігі, түйгізер ойы мен түртіп алар тұстары жетерлік болды. Бірі қара сөзбен өлеңдетсе, енді бірін оқыңанда көзге жас келген тұстар да болды. Жеңімпаздарды жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламдарыңыз ұшталып, жазар ойларыңыз таусылмасын демекпіз!» деді Нұрлыбек Шакизадаұлы.

Ұйымдастырушылар шығарма байқауы алдағы уақытта жалғасын табатынын айтты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру