Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ШҚО: Имамдар жиыны өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 09.11.2021 1806 0 пікір
ШҚО: Имамдар жиыны өтті

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің имамдары онлайн жиын өткізді. Жиынға қала мен ауданның бас имамдары қатысты.

Жиынның күн тәртібінде діни қызмет барысы, ҚМДБ концептуалды құжаттарын насихаттау, Мәуліт мерекесін өткізу секілді мәселелер талқыланды.

Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы жиналыстың маңызына тоқталып, алдағы міндеттермен таныстырды. «Аудан, қала мешіттері қазіргі уақытта санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, қызмет етіп жатыр. ҚМДБ-ның концептуальды құжаттарын дін қызметкерлері мен жамағат арасында насихаттау аса маңызды. Рухани құндылықтар осынау құжаттарда топтастырылған. Осы бағыттағы жұмыстарды ауылдарда ұйымдастыру керек» деп атап өтті.

Бас имам жиында Мәуліт айында ізгілік шараларын жиі өткізу, қысқа әзірлікті қамтамасыз ету, санитарлық талаптарды сақтай отырып, діни іс-қызметті үйлестіруді тапсырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру