Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: Адал ас тақырыбында семинар өтті

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 09.11.2021 2098 0 пікір
Атырау: Адал ас тақырыбында семинар өтті

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде «Адал ас жанға дауа, тәнге шипа» тақырыбында әйелдерге арналған семинар өтті.

Жиынды ашқан Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлын қазақ танымындағы адал ұғымы, қасиетті Құран аяттарындағы адал асқа мән беру керектігін меңзейтін аяттарға қысқаша тоқталды.

«Қасиетті дініміз қашан да адалдыққа ерекше мән береді. Адал ас дұғамыздың қабыл болуына тікелей байланысты. Сондықтан дәрісте айтылатын мәселелер өзекті» деді Алтынбек Ұтысханұлы.

ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы технологы Айжан Омарова халал стандарт бағытындағы жұмыстарға тоқталып, елімізде халал сертификатын алған мекемелер мен халал өнімдер туралы ақпарат берді.

Жиынға қатысқан «Халал Даму» мекемесінің Атырау облысындағы өкілі Қайрат Аманжолұлы өңірдегі сертификатталған мекемелер және олармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру