Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Шымкент: Шағын футбол турнирі өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 09.11.2021 1917 0 пікір
Шымкент: Шағын футбол турнирі өтті

Шымкент қаласындағы «Нұр-Төбе» мешітінде Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай шәкірттер арасында «Күш атасы – Қажымұқан»  шағын футбол турнирі өтті.

Жарысқа қатысушыларға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Нұр-Төбе» мешітінің бас имамы Бердалы Жәміш, қала бас имамының кеңесшісі Бекайдар Әміре қатысып, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ұлттық ойын түрлеріне кезек берілді. Атап айтқанда, қол күрес, кір тасын көтеру және арқан тарту жарыстары өткізілді. Жарыс соңында қатысушыларға арнайы сый-сипаттар, алғыс хаттармен марапатталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру