Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Павлодар: Ауыл жастары көкпарға қатысты

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 08.11.2021 1981 0 пікір
Павлодар: Ауыл жастары көкпарға қатысты

Жуырда Аққулы ауданында көкпар ойыны ұйымдастырылып, оған Қорт, Шарбақты және Малыбай, сондай-ақ Екібастұз ауданының Ақкөл ауылының сайыпқырандары қатысты. Жарысты «Ғабдул Уахит хазірет» мешітінің бас имамы Мақсат Сансызбайұлы бастаған дін қызметкерлері аудан әкімі Абзал Әбілхақұлының тікелей қолдауымен бірлесіп өткізді.

ҚМДБ қызметінің «Дін және дәстүр» бағыты бойынша ұлтымыздың озық дәстүрлерін ұрпақ санасында және бүгінгі өмірде жандандыру, насихаттау мақсатында Павлодар облыстық өкілдігі ұлттық ойындар ұйымдастырып, салт-дәстүріміздің ұмыт бола бастаған ерекше үлгілерін қайта жаңғыртуды қолға алуда.

Сайыстың басынан соңына дейін облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы, аудан әкімі Абзал Әбілхақұлы ойыншылармен бірге болып, қолдау көрсетіп, жастарды жігерлендіріп отырды.

Дода нәтижесінде Ақкөл аулының «Сейфолла» командасы 1-орынды жеңіп алса, келесі орындарды Мерғалым, Шарбақты, Малыбай ауылының командалары еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сертификат, арнайы жасалған кубок, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру