Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: «Сұрақ-жауап алаңы» ұйымдастырылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 08.11.2021 1984 0 пікір
Ақтөбе: «Сұрақ-жауап алаңы» ұйымдастырылды

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен алғаш рет облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазынан кейін жамағатпен кері байланыс мақсатында «Сұрақ-жауап алаңы» өтті.

Аталған шараға облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Нұрбол Смағұлов пен Мұхаммедисмаил Шадман қатысты.

Жамағат арасынан ақида мен фиқһқа байланысты өздерін жиі мазалап жүрген 35 сұрақ қойылып, дін мамандары тұшымды жауап берді.

Еске сала кетейік, «Сұрақ-жауап алаңы» әр аптаның жұма күні өтеді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру