Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.11.2021 3060 0 пікір
VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

Шымкент қаласы әкімдігі және «Әкелер Одағы» РҚБ ұйымдастыруымен «Әкеге қарап ұл өсер» тақырыбында VI Республикалық Әкелер форумы өтті.

Маңызды жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар қатысып, арнайы баяндама жасады.

«Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ер кісі –отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» деген. Қазақ халқында «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» және «Жақсы әке балаға қырық жыл азық» деген қанатты сөздер бар. Әр отбасыда балалары «менің әкем», «менің анам» деп ата-аналарын үлгі тұтып, мақтаныш етсе, әке мен ана да «міне, менің балам» деп отырса, ол отбасы мақтанышы болып есептеледі. «Отбасы шағын мемлекет» демекші, Алла Тағала баршамыздың отбасымызға баянды бақыт пен амандық бергей!» деді Ершат Ағыбайұлы.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және БҰҰ-ның Қазақстандағы халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) қолдауымен өткен форумда «Отбасы және дін», «Отбасылық тәрбиеде әкенің рөлін арттыру», «Қазақстанда отбасы институтын қалыптастыруға БАҚ пен блогерлердің әсері», «Балаларға спорттық тәрбие беру», «Мектептерде әкелер кеңесін дамыту», «Ерекше балалардың ерекше әкелері», «Балаларды тәрбиелеудегі кітаптың рөлі» тақырыптарында белсенді пікірталастар өтті. 

Форум өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға арналған нақты ұсыныстарды атап өтумен аяқталды. 

Іс-шара соңында өңірлерден келген делегаттарға жеке үлгі ретінде және әке институтын дамытуға қосқан үлесі үшін ұлттық комиссияның атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру