Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Мәуліт құрметіне айтыс өткізді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 05.11.2021 2072 0 пікір
Маңғыстау: Мәуліт құрметіне айтыс өткізді

ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігі және «Жыр жебе» ақындар мектебінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы Достық үйінде «Дін мен дәстүр егіз ұғым» атты облыстық айтыс өтті.

Алла елшісі, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай өткен іс-шараның алғы сөзін облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы алып:

«Ерте заманнан қалыптасқан айтыс өнері арқылы шариғатымыз дәріптеліп, ата дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығы сақталды. Қай кезде болсын ақындарымыз Алланың берген ақындық қабілетін имандылықпен байланыстырып, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосып, ұят болады, жаман болады, обал болады деген қазақ тыйымдарын қара сөзбен насихаттаған», деп төл өнеріміздің хақ дінмен байланысы жайлы айтып өтті.

Арнайы қонақ ретінде келген Түркияның Ақтау қаласындағы бас консулы Музаффер бей Ақйылдырым мырза болса:

«Бұл шараға қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Қазақтар пен түріктер секілді ауырлас елдердің салт-дәстүрі де бір, діні де бір. Сол себепті мен сіздерден бөлек емеспін. Мәуліт мерекесі баршаңызға құтты болсын», деп өзінің ақжарма тілегін арнады.

Жыр додасын белгілі айтыскер ақын, өнер жанашыры Нұрлан Әбуғалиұлы ағамыз жүргізіп отырды. Бұл іс-шараға айтыскер ақын, Фархад Әбуғалиұлының «Жыр-жебе» ақындар мектебінің өкілдері, атап айтқанда Азамат Орынбасаров, Жанболат Әлиев, Қуаныш Жолдас, Мағжан Жұмабай, Мейірбек Саламатов және Нұрсұлтан Оңғарбаев сынды жас дарындар қатысты. Олар дін мен дәстүр сабақтастығы сынды ауқымы кең тақырып аясында айтысып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ақындар жұптарының арасында Қайырбек Теңел, Әлібек Тоқтасынов, Жомарт Маратов, Қайсар Қарақожа сияқты өңірімізге белгілі жыршылар шығып, терме-толғаулар орындап, жиналған жұтты желпінтіп отырды.

Өнер сайысы жолдастық кездесу форматында өткендіктен жеңімпаздар болмады. Іс-шара соңында Әнуар Ізімбайұлы әр ақынға арнайы марапат қағаздарын тапсырып, пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өміріне қатысты әдебиеттер беріп, қаржылай сыйлық жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру