Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіндегі рухани кездесу

sunna.kz 05.11.2021 1857 0 пікір
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіндегі рухани кездесу

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Әйел-қыздар секторына қарасты «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен «Құранға тағзым, Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сағыныш» тақырыбында рухани кездесу өтті.

Жиынға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы, ұстаз Серікбол Хаманұлы, Әйел-қыздар секторының жетекшісі, ұстаз Айгүл Көксеген, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Эльмира Бұхарбаева, «Шейх Кунта қажы» мешітінің ұстазы Лаура Арыстанбекова және  «Аналар мектебінің» мүшелері мен шәкірттері қатысты.

«Аналар мектебінің» бірнеше жылдан бері әр апта сайын Құранды басынан аяғына дейін екі рет толық оқып, хатым дұғасын жасап отыруды үрдіске айналдырған. Сауапты игі іске атсалысып жүрген «Құран хатым» тобының шәкірттеріне мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Рухани кездесуді Эльмира Бұхарбаева, Лаура Арыстанбекова ұстаздар ары қарай әдемі уағыздармен жалғастырды.

Шәкірттер діни қойылымдар қойып, әндер орындап, сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырды. Кездесу соңында шәкірттердің демеушілігімен дастархан жайылып, ұстаздар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін насихаттап, Мәулітті атап өтудің маңызы туралы уағыз айтылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру