Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Мұсылман жастары» клубының алғашқы басқосуы өтті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 04.11.2021 1299 0 пікір
«Мұсылман жастары» клубының алғашқы басқосуы өтті

Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының ұйымдастыруымен университет студенттері арасында  «Мұсылман жастары» оқырмандар клубы құрылған болатын. Клубқа исламтану, теология, дінтану мамандықтарында білім алушы 40-тан аса студент мүше болды.

Клуб жетекшісі орталық директоры, теолог Тимур Нүсіпханұлы белсенді студенттер арасында болашақта дерадикализация саласында қызмет ететін жан-жақты білікті мамандарды дайындау мақсатында осы жобаны қолға алғанын жеткізді. Себебі «Мұсылман жастары» оқырмандар клубы студенттерге теологиялық тереңдетілген білім беру мақсатында құрылған. Алғашқы сәттен клуб мүшелері «10 күнде бір кітап» акциясы аясында Имам Матуридидің «Таухид» кітабын толық оқып, ұстазбен пысықтау барысында үздік нәтиже көрсетті.

Енді Ислам тарихы кітабын қолға алды. Уақытын өте тиімді пайдаланушы студенттер де бекітілген дәрістен тыс қосымша пайдалы білім алғанына қуанышты. Алғашқы 10 күндік нәтижесінде оқырмандарға арнайы сертификат табыс етілді. Клуб жайлы жаңадан естіген студенттер де қатарға қосылып, белсенді оқырмандар санын көбейтуде. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру