Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы: «Honmil» наубайханасы сертификатталды

halaldamu.kz 03.11.2021 1685 0 пікір
Алматы: «Honmil» наубайханасы сертификатталды

Алматы қаласында орналасқан заманауи кәсіпорындардың бірі – «Honmill» наубайханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды.

Наубайхананың 34 түрлі өнімі «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Маратхан Чадаев табыстады.

«Honmil» наубайхана өнеркәсібінің негізгі шикізаты – түрлі сұрыпты бидай ұны, артезиан суы және де қосымша шикізат көздері. «Honmil» наубайханалық дайын өнімдері сатылымға шығар алдын бірнеше сатылы тексерістен өткізіледі. Себебі, наубайхана өндірісінің маңызды кезеңдерінің бірі – өндірістің белгіленген нормаларын сақтай отырып, сапалы, әрі, халал нан өнімдерін өндіру. Осыған орай, наубайхананың өндіріс аймағында шағын лаборотория орналасқан. «Халал Даму» мамандарының қатысуымен жүргізілген аудит барысында, «Honmil» нан өнімдерінің шариғат және халал стандарты талаптарына толықтай сай екендігіне көз жеткізілді» дейді Маратхан Чадаев.

«Honmil» наубайханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 26.10.2021-25.10.2022 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру