Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жамағат арасындағы волейбол жарысы

02.11.2021 1774 0 пікір
Жамағат арасындағы волейбол жарысы

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Алматы мешіттерінің жамағаты арасында волейбол турнирінің финалдық ойындары өтті.

Бір ай бойы өзара бақ сынап, 8 ауданнан үздік шыққан командалар финалдық кезеңде Алматы қаласының жеңімпазын анықтады. Ұйымдастырушылар тағайындаған сыйлықтар да бағалы болғандықтан, әр команда алаңда барын салып қызықты ойын өрнегін көрсетті. 8 команда арасынан оза шапқан Бостандық ауданының «Орбита» командасы мен Наурызбай ауданына қарасты «Ибраһим» мешітінің «Энерго» командасы жарыстың бас жүлдесін өзара сарапқа салды. Құрамында Ержан Әбдрасылов, Дастан Есқожа, Оразхан Қалназаров сынды волейболшылар өнер көрсеткен «Орбита» командасы қарсыластарын екі сетте де 25-21 есепбімен ұтып, үшінші рет ұйымдастырылған жамағат арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды.

Наурызбай ауданының «Энерго» командасы күміс жүлдегер атанса, Алатау аданының «Нұр-Мүбарак» волейболшылары жүлделі үштікті түйіндеді. Олар өз кезегінде Түркісіб ауданына қарасты «Әлмерек» мешітінің «Елтай» волейболшыларын қапы қалдырды. Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар кубок, диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Асыл мұра» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған спорттық шараның негізгі мақсаты – мешіт жамағаты арасында денешынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар Исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету арқылы оларды жақын тарту.

Айта кетер жайт, осыған дейін мешіт жамағаты арасында өткен футбол турниріне 3 мыңнан аса адам қатысқан болатын. Ал волейбол турнирінде қаладағы мешіттер командалары алдымен өзара аудандық сайыста бақ сынап, үздіктерді анықтаған болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру