Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Елордада мешіт шәкірттері білім сайысына қатысты

muslim.kz 01.11.2021 2463 0 пікір
Елордада мешіт шәкірттері білім сайысына қатысты

Елордада Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты 12 мешіт шәкірттері арасында «Мыңнан тұлпар» атты білім сайысы өтті.

«Рахымқызы Раиса» мешітінің ұйымдастыруымен өткен білім сайысына 12 топ қатысып, Қазақстан тарихы, дәстүр мен дінге қатысты «1000 сұрақ» кітапшасы бойынша бақ сынады.

Алдын ала берілген тапсырма бойынша үміткерлер «Сәлем – сөздің анасы» айналымында өздерін таныстырып өтсе, «Өнерлі өрге жүзер» айналымында салт-дәстүрге байланысты қазақи нақыштағы өнерлерін паш етті. «Құран және тәжуид» айналымында қатысушылар өздерінің Құран жаттау қабілетін көрсетсе, «Жүзден жүйрік» және «Дода» айналымдарында Пайғамбарымыз бен Сахабалар өміріне қатысты, Фиқһ, Ақида мәселелеріне байланысты сұрақтарға жауап іздеді. Сондай-ақ, «Мәре» айналымында қазақ халқының салт-дәстүр, әдеп-ғұрпына байланысты сұрақтар да қатысушылардың білімін жан-жақты сарапқа салды. Бесінші айналымнан бастап ұпай саны аз топ ойыннан шығарылып, соңғы «Мыңнан тұлпар» айналымында үш топ қана жүлдеге таласты.

Үміткерлердің білім деңгейін бағалап, әділ төрелігін айту ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов, «Астана» медресесінің ұстазы Бердібек Оянған және №24 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ғани Арғынбаевтарға табысталды. Командалардың жеті айналым бойынша жинаған ұпай саны бойынша «Мыңнан тұлпар» білім сайысының бас жүлдесі «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің «Раиса ана» тобы иеленді. Жүлделі ІІ орын «Шейх Кунта қажы» мешітінің «Құлагер» тобына бұйырса, «Әл-Ғани» мешітінің «Фирдаус» тобы ІІІ орынға табан тіреді. Жүлдегер командаларға қаржылай сыйлық табысталып, өкілдіктің арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды.

Айтулы шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, білім жолындағы жеткіншектерге ізгі тілегін білдірді. Ислам дініндегі білім-ғылымның маңыздылығын ерекше атап өтіп, бүгінгідей білім сайысының алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп тұратынын жеткізді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру