Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Абай ауылында мешіт ашылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 30.10.2021 2170 0 пікір
Қызылорда: Абай ауылында мешіт ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Оған Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, ауыл ақсақалдары, қала мешіттерінің имамдары мен жамағат қатысты.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған шарада Б.Абуов құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш мешіттің салынуы барысында сүбелі үлес қосып, демеушілік көмек көрсеткен Досхан Болатұлына, Данабек Советбекұлына және мешіт жұмыстарына қолдау танытып жүретін азаматтарға барша халық атынан ризашылығын білдіріп, қазақи салтпен шапан жауып, алғыс хатпен марапаттады.

Мешіттің ашылу салтанаты өткен соң, қонақтар мешіт ішін аралап, жамағатпен жұма намазын оқыды. Намаздан кейін Құран оқылып, ел тыныштығы үшін дұға етілді. Жиын соңында келген қонақтарға дастарқан жайылып, ас берілді.

Айта кетейік, аталмыш мешіт қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеп келген, алайда, құрылысы ескіргендіктен, жаңадан бой көтеріп, қайта ашылып отыр. «Ақмолда» мешіті ерлер және әйелдер залымен қамтылған, бір уақытта 200 адамға дейін құлшылық жасай алады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру