Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ШҚО: Ихсан ілімі жайлы насихат айтты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 29.10.2021 2490 0 пікір
ШҚО: Ихсан ілімі жайлы насихат айтты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Қанат Дауылбаев Қатонқарағай ауданының «Қабдығали ата» мешітінде жамағатпен жүздесті.

Басқосуда Қ.Дауылбаев жамағатқа Ихсан ілім рухани тәрбиеден тағылымды насихат айтты. Сонымен қатар оларға ҚМДБ-дан қабылданған жеті бағыт таныстырылды.

«Ихсан ілімі адамгершілік құндылықтарды біріктірген бірегей арнасы. Рухани кемелденген адам ғана отаншыл, білімді, әділ болады. Қазіргі таңда әр жас рухани кемел тұлға болып қалыптасса еліміздің ертеңі де нұрлы болады» дей келе, ихсан туралы жайлы кең көлемде баяндады.

Ол сонымен қатар өз сөзінде рухани тәрбиеге терең тоқталып, отаншылдықтың маңызы туралы насихат айтты. Жамағат та ұстазға сауалдар қойып, ой-пікірлерін білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру