Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қарағанды: Әйел-аналар мәртебелі Мәулітті атап өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 29.10.2021 2434 0 пікір
Қарағанды: Әйел-аналар мәртебелі Мәулітті атап өтті

Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітініде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Адамзаттың абзалы» атты рухани Мәуліт кеші өтті.

Екі дүние мырзасы, пайғамбарлардың мөрі Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айына орай ұйымдастырылған рухани іс-шараға ақжаулықты аналар мен қыз-келіншектер қатысты.

Фарида және Ақниет ұстаздар Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өміріне, қасиетті Мәуліт мерекесінің мән-маңызына қатысты уағыз-насихат айтып, жиналған жамағатты құттықтады.

Кеш барысында ардақты пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылып, сәлем жолданды. Теміртау мешіттері шәкірттерінің көмегімен тәлімі мол көріністер қойылды. Жиналған қауымға викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлестірілді.

Сондай-ақ, хақ дінді қабылдаған 4 орыс қызына арнайы сыйлықтар берілгенін атап кеткен жөн.

Тағылымды шара ақ дастарқан басында жалғасын тапты. Шарапатты Мәуліт мерекесіне келген әйел жамағаты «Әлихан Бөкейхан» орталық мешітінің басшылығына, жергілікті әйел-қыздар секторына алғыстарын білдірді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру