Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: Шәкірттерге шәкіртақы тағайындалды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 26.10.2021 1492 0 пікір
Атырау: Шәкірттерге шәкіртақы тағайындалды

Медресе-колледждерде оқып жатқан атыраулық шәкірттерге «Иманғали» мешітінің шәкіртақысы тағайындалды.

Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан Үшқоңыр медресе-колледжі шәкірттерімен жүздескен Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы осындай жақсы жаңалықты хабарлады.

Атыраулық студенттермен кездескен Алтынбек Ұтысханұлы білім алудың маңызы туралы насихат айтып, мұнайлы өңірде діни кадр тапшылығы өткір екенін атап өтті.

«Дін – руханиятымыз. Бұл салада рухы мықты, терең білімі бар мамандар еңбек етіп, Исламды кеңінен тарату керек. Ислам – көркем мінез, құлшылық, бауырмалдық, сонымен бірге өркениеттің, ғылымның діні. Сапалы білім алып, елге қызмет етуге шақырамын» деді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру