Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Талдықорған: 350 жас балуан дзюдо жарысына қатысты

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 25.10.2021 1836 0 пікір
Талдықорған: 350 жас балуан дзюдо жарысына қатысты

Талдықорған өңірінің имамдары және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай дзюдо күресінен 2008-2009, 2010-2012 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.

Өңірдің наиб имамы Керімбек Дәуітов турнирдің ашылуында алғашқы болып сөз алып, спортшы өрендерге насихат айтып, баршасына сәттілік тіледі. Сонымен қатар спорт саласының бірқатар майталмандары жас балуандарға ақ жол тілеп, баталарын берді.

Әртүрлі салмақ дәрежесінде сынға түскен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен мараптталды. Дін мен дәстүрімізді дәріптеу мақсатында турнир аясында арқан тартыс пен қол күрестен де жарыс ұйымдастырылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру