Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Бас имам Нұр-Мүбарак студенттерімен кездесті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 21.10.2021 2689 0 пікір
Бас имам Нұр-Мүбарак студенттерімен кездесті

Нұр-Мүбарак университетінде Атырау облысынан шыққан 35 шақты студент білім алуда. Осыған орай ҚМДБ Атырау облыстық өкілдігінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аймақтық студенттермен кездесті.

«Ең әуелі өздеріңізге Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ағамыздың сәлемін жеткізгім келеді. Аймақтан осы университетте білім алып жатқан баршаларыңызға әрдайым тілекші, соның нақты көрінісі, ақылы бөлімде білім алушы студенттердің оқу ақысын төленетінін сүйіншілегім келеді» деді бас имам кездесу барысында.

Яғни мемлекеттік білім гранты иегерлерінен өзге 20 шақты студен облыс әкімі атындағы білім грантына ие болды. Сондай-ақ Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаевтың әрбір студентке шәкіртақы тағайындағанын жеткізген Алтынбек Ұтысханұлы студенттердің хал-ахуалы, тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысып, сұхбаттасты. Кездесу соңында Алтынбек Ұтысханұлы облыс әкімінің орынбасары Бақыткүл Хаменованың Алғыс хатын атыраулық студенттерге табыстады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру